БҚО-дағы 5 ауылда қорғаныс бөгеті салынып жатыр

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының 5 ауылында қорғаныс бөгеті салынып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Кеңтүбек, Ақсу, Аралтал, Пугачев, Бақтыарал ауылдарында жалпы ұзындығы 31 шақырымдық дамбаны көтеруге аудан бюджетінен 609 миллион теңге бөлінді. Қазір құрылыс жұмыстарының 80% атқарылды. Биыл ауданда Шыңғырлау өзені тасуы салдарынан 4 ауылды су басып, 126 үй жарамсыз деп танылған болатын.

Берік Қарағойшин, аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Барлығында 4 жарымнан 6 километр қашықтыққа дейін дамбалар жасалып жатыр. Бұл дамбалар биіктігі 3 метрден кем емес, ені – 7-9 метр. Ақсу ауылында бітті. Қазіргі таңда Кеңтүбек, Бақтыарал, Пугачев, Аралтал елді мекендерінде жалғасып жатыр.