Жамбыл облысында барлық мектеп интернетке қосылды

Биыл Жамбыл облысында 53 мектеп Starlink спутниктік интернетіне қосылды, деп хабарлайды 24KZ.

8 аудандағы шалғай жатқан ауыл мектептеріне қажетті құрылғылар орнатылып, интернет жылдамдығы секундына 150 мбитке жетті. Пилоттық жобаға бюджеттен 71 миллион теңге жұмсалды. Облыстағы 445 білім ошағының барлығы дерлік интернетке қосылған. Алайда Шу ауданындағы 12, Мойынқұм ауданындағы 20 мектепте интернет жылдамдығы секундына 20 мегабиттен төмен. Бұл мәселені шешу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, облыс әкімдігі мен ұялы байланыс операторлары арасында үшжақты келісім жасалып, жол картасы әзірленді.

Сағадат Бесінбаев, ЖО Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығының директоры:

- 12 мектептің интернет жылдамдығын көтеру бойынша қазір техникалық мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Яғни, біздегі облыстағы алып операторлармен Қазақтелеком мен Трастелеком осы екеуін өздерінің техникалық мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Егер мүмкіндігі болмаған жағдайда, «радиолинейка» дейді, радиобайланыс жүйесі арқылы қарастырып береді, болмаса біз жаңағы қатарласа министрліктен Starlink жобасына қосуды сұрап отырмыз.