Электр және жылу тарифтері
Қыс болса келіп қалды.
Боран мен аязда жылу мен қатар тоқтың жалп етіп сөнбегені керек. Ал желінің қалыпты жұмыс атқаруының бір себебі тарифке де байланысты. Қазір елдегі электр қуатының ең қымбаты Алматы мен Алматы облысында екен. Гига-калория үшін тұтынушылар 26 теңге төлейді. Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің деректері бойынша электр қуатының ең арзан тарифі Атырау облысында - 11 теңгеге жуық. Ал ел бойынша орташа тариф - 19 теңге.
Жылуға келетін болсақ, республика бойынша Алматы қаласының тұрғындары көп төлеп отыр. 7 мың теңгеден асады. Ал ең төменгі тариф Ақмола облысында, 2 мың 351 теңге. Республика бойынша жылытудың орташа тарифі - 7 мың 603 теңге.
Электр қуатының ең қымбат тарифі ₸25, 55 кВт/сағ Алматы, Алматы облысы
Электр қуатының ең арзан тарифі ₸10, 56 кВт/сағ Атырау облысы
ҚР бойынша электр қуатының орташа тарифі ₸27, 59 кВт/сағ
Ең қымбат жылу тарифі ₸7 194 ГкалАлматы
Ең арзан жылу тарифі ₸2 351 Гкал Ақмола облысы
ҚР бойынша орташа жылу тарифі ₸7 603 Гкал