Өскемен - Шемонаиха - Ресей тас жолы жөнделіп жатыр
«Өскемен-Шемонаиха-Ресей» тас жолын жөндеу басталды.
Тозығы жеткен халықаралық маңыздағы трассаның жайы автокөлік жүргізушілерін талай жылдан бері титықтатты. Жақында осы жолмен жүріп өткен сенаторлар да оған куә болды. Бұл күре жолда көлік қозғалысы көп. Күніне жүздеген жүк көлігі өтеді. Апат та жиі тіркеледі. Биыл отыз шақырым жолға жабын төселеді. "Қазавтожол" мекемесі өкілдерінің айтуынша, қалған бөлігіндегі жұмыс келесі жылға жоспарланған.
Шыңғыс Зайытов, "Қазавтожол" ҰҚ ШҚО филиалының бөлім бастығы:
- Биыл Предгорный ауылынан Первомай елді мекеніне дейінгі 30км жолды қалыпқа келтіреміз. Қажетті материалдардың төзімділігіне қатты назар аударып отырмыз. Сондықтан орташа емес, күрделі жөндеуден өткендей сапалы болады деп ойлаймыз.