Шымкентте бағдаршам жұмысын жасанды интеллект реттейді

Шымкент көшелеріндегі бағдаршамдар интелектуалды жүйеге қосылмақ.

Көлік қозғалысын реттеуді автоматтандыру үшін қалалық бюджеттен 1 миллиард 400 миллион теңге бөлінді. Биыл «Ақылды» жүйеге 190 бағдаршам қосылып, заманауи құралдармен жабдықталады. Нәтижесінде көшедегі көлік нөпіріне қарай «Жасыл дәліз» құрылатын болады. Бұл жәйт, мамандардың айтуынша, кептелісті тарқатып, жедел-жәрдем қызметі мен төтенше жағдайда жұмыс істейтін құтқарушылардың діттеген жеріне дер кезінде жетуіне жағдай жасайды. «Келесі жылы тағы 40 бағдаршам интелектуалды жүйеге қосылатын болады», дейді қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Өмір Қалыбаев.

Өмір Қалыбаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Сыртқы көрінісінде ешнәрсе өзермейді. Тек қана бағыттағы жану секундтары ұлғайып, азайып отырады. Келесі бағдаршамға да сол ақпарат берілгеннен кейін ол өздігінен шешім қабылдап, бағытты өзгертіп отырады. Интелектуалды көлік жүйемізді әрі қарай дамытып отырамыз.