Елімізде жылу үшін төленген 768 миллион теңге тұтынушыларға қайтарылады
Қазақстанда жылу үшін төленген 768 млн теңге тұтынушыларға кері қайтарылады.
Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті қызметақыны қайта тексеру жұмыстарын аяқтады. Нәтижесінде өткен жылыту маусымында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар артық төлем жасағаны анықталды. Қаражат олардың дербес шотына жаңа жылыту маусымы кезінде немесе күнтізбелік жыл ішінде аванс түрінде қайтарылады. Министрліктің ресми мәліметі бойынша қазіргі таңда елдегі көп пәтерлі тұрғын үйлердің жылуды есептеу құралымен қамтылу көрсеткіші 75 пайыз болып тұр.