Жалған құжат дайындаған қожалық басшысы тергеліп жатыр

Қостанай облысында 1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген шаруа қожалығының басшысы ұсталды.

Күдікті 2022 жылы 6 контрагенттің атына құжат рәсімдеп, олардың жалпы сомасы 200 млн теңдеген астам салық төлеуден жалтаруына мүмкіндік жасаған. Қазір шаруа қожалығының басшысына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше, өңірде осындай тағы бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық анықталған.