Астана әкімдігі 850 білім грантын бөлді

Астана әкімдігі қаладағы 8 жоғары оқу орнына білім гранттарын бөлді.

Енді оның игілігін жалпы саны 850-ге жуық студент көреді. Жалпы шаһар әкімдігі 2018 жылдан бері педагогикалық, медициналық және гуманитарлық бағыттар бойынша кадр дайындауға «мемлекеттік білім беру тапсырысы» жобасын іске асыруды қолға алған. Оның негізгі мақсаты кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталады. Еске салсақ, білім беру гранты конкурсына елдің түкпір-түкпірінен кез келген үміткер қатыса алады. Оның нақты иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.