Микроқаржы ұйымдарына қойылатын талап күшейтілді
Елде микроқаржы ұйымдарына қойылатын талап күшейтіліп жатыр.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Негізінен тәуекелді азайтып, қарыз алушыларға қауіпті шараларды жоюға басымдық берілген. Сондай-ақ микроқаржы ұйымдары басшыларының жауапкершілігін арттыру қолға алынады. Пәрменді басқару тетіктерін құру міндеттеледі. Ішкі бақылау жүйесі де енгізілмек. Айта кетейік, төрт жыл ішінде Микроқаржы ұйымдары активтері 2 есе өсіп, 2,5 трлн теңгеден асты. Қазір 948 ұйымның лицензиясы бар.