Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке тағы 50 млрд теңгені қайтарады

 

Қазіргі таңда 18 млрд теңге қайтарылды. Оның қатарында Алматыдағы 2 ірі бизнес орталығы, коммерциялық жылжымайтын мүлік және Астананың беделді ауданындағы элиталық үй бар. Сондай-ақ Сатыбалдыұлынан тінту барысында алынған 95 мың АҚШ доллары арнайы мемлекеттік қорға аударылды. Бұдан бөлек, жүздеген миллион теңге болатын эксклюзив зергерлік және сәнді бұйымдар, брендтік сағаттар, коллекциялық монеталар мемлекет меншігіне қайтарылды. Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы құны 192 млн теңгені құрайтын Rolls-Royce Cullinan және Aston Martin маркалы көліктер түріндегі активтер де мемлекетке өтті. Қайрат Сатыбалдыұлы мен оның жақындарына тиесілі 33 млрд теңгені құрайтын шетелдік мүлікті тапсыру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Жалпы 2,5 жылда 783 млрд теңгеге активтер қайтарылды.