1991 жылдан бері елімізге миллионнан астам қандас оралды

Тәуелсіздік алғалы мыңнан астам қазақ тарихи Отанына оралды, деп хабарлайды 24kz.

Ал жыл басынан бері 7 мыңнан аса адам қандас мәртебесіне ие болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады. Биыл келгендердің басым бөлігі – Қытай мен Өзбекстаннан қоныс аударғандар. Ал шамамен 15 пайызы бұған дейін Түркіменстан мен Моңғолияда өмір сүрген.

Биыл қандастар арнайы квотамен бөлінген өңірлерге қоныстандырылды. Барлығы 2433 адам бірнеше облысқа қазығын қақты. Қандастарды еңбек күші тапшылық ететін Абай, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары қабылдады.

Жоғарыда көрсетілген өңірлерге көшіп барған қандастарға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Отбасының әр мүшесіне көшуі үшін 260 мың теңге төленеді. Баспана жалдауға және коммуналдық шығындарға бір жыл бойы әр ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленеді.