Биыл СҚО-ға 207 қандас отбасы көшіп келеді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысы жырақта жүрген қандастарға 207 квота бөлді, деп хабарлайды 24kz.

Тарихи Отанына көшіп келетін отбасының әр мүшесіне мемлекет тарапынан 250 мың теңге көтерме ақы төленеді. Сонымен қатар үй алуға немесе салуға 4 млн 300 мың теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының айтуынша, бұл ақшаны бастапқы жарна ретінде де қолдануға болады. Қандастарды орналастыру үшін қолайлы ауылдардың картасы әзірленді.

Назерке Тасқұлова, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:

- Жыл басынан бері 125 қандас квотаға енгізілді. Барлық отбасылар Петропавл қаласы мен облыс аудандарында орналастырылған. Көшіп келіп жатқан отбасылар негізінен РФ, Өзбекстан, Моңғолия және де ҚХР-дан келген.