Жастардың 80%-ы отбасы құндылықтарын жоғары қояды

Қазақстандық жастардың 80%-ы отбасылық құндылықтарды жоғары қояды. Бұл жайлы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген сауалнама қорытындысынан белгілі болды.

Зерттеуге 14 пен 34 жас аралығындағы 2 мың респондент қатысқан.

Айта кету керек, бүгінде жастардың көбі күнделікті өмірде қазақ тілінде сөйлейді. Бұлай деп жауап бергендердің үлесі 73%-ды құрапты. Сауалнама нәтижесі Мәдениет және ақпарат министрлігіне таныстырылды. «Жалпы мұндай зерттеулер елдегі жастар саясатын күшейтеуде аса маңызды», – дейді ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері.