Түркістан облысында ₸8 млн ақша жымқырылған

Түркістан облысының Қазынашылық департаментінде 8 млн теңге қаржы жымқырылған, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл бұзушылықты өңірдің прокурорлары анықтаған. Департаменттің лауазымды тұлғалары «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» есепшілерімен сөз байласу арқылы мекеме қызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтқан. Осылайша, олар бюджеттік қаржыны ұрлап отырған. Қазір бөтен мүлiктi иемдену фактісіне қатысты тергеу амалдары басталды. Департаментте бұдан өзге де заңбұзушылықтар анықталып, оларды жою мақсатында Қаржы министрлігіне тиісті ұсыныстар енгізілді.