Ақмола облысында тасқыннан зардап шеккендерге 221 үй сатып алынды
Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 221 үй сатып алынды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бұған дейін 129-ы аудандарда, ал 89 баспана Көкшетау қаласында алынып, иелеріне табысталған. Жалпы аймақта төтенше жағдай кезеңінде мыңнан астам үй су астында қалған еді. Оның 500-ден астамы жарамсыз деп танылды. Енді жауаптылар жапа шеккендерге баспана салып беріп немесе дайын пәтер сатып алуы тиіс. Қазір жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
Иван Ющенко, Бұланды ауданының тұрғыны:
- Адал еңбегіммен тапқан ақшама үй салған едім. Бірақ оны су шайып кетті. Алайда мемлекет бізді назардан тыс қалдырмады. Үй берді. Үйдің жанында моншасы мен бақшасы бар. Өзіміз таңдап алдық. Отбасыммен өте қуаныштымыз.