Зияткерлік меншік саласында 132 заң бұзу дерегі анықталды
Зияткерлік меншік саласында 132 құқықбұзушылық анықталған, деп хабарлайды 24KZ.
Өзгенің тауар белгісін заңсыз пайдаланғандардан 250 мыңнан астам контрафактілік өнім алынған. Мұның жалпы сомасы 46 миллионды құрап отыр. Бұл туралы Әділет вице-министрі мәлім етті. Ботагөз Жақселекованың айтуынша, 133 әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданған. Бөтеннің мүлкін заңсыз иеленгендерге 9 миллионнан астам айыппұл салынған.
Ботагөз Жақселекова, ҚР Әділет вице-министрі:
- Ағымдағы жылдың басынан бері бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану фактілері бойынша 138 тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қолданыстағы заңнаманы бұзудың 132 фактісі анықталды. Іс қозғалып, сотқа жолданды. Әкімшілік жауапкершілікке 111 субъект тартылды.