«Балдәурен» лагерінде мыңнан аса бала жазғы демалысын өткізді

Биыл «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында мыңнан аса бала жазғы демалысын өткізді, деп хабарлайды 24kz.

Лагерьге бірінші кезекте шалғайдағы гарнизондарда әскери қызметте жүрген, толық емес және көпбалалы әскери қызметшілердің балалары келді. Жасөспірімдер Түркістан, Бурабай, Балқаш және Қонаев қалаларындағы филиалдарда болды. Онда олар мәдени демалыс, сауықтыру іс-шараларынан бөлек, мектеп бағдарламасы бойынша білімдерін жетілдірді. Сондай-ақ әскери істің негіздерін зерделеуге арналған практикалық сабақтарға қатысты. Оқушылар ол жерде қару-жарақ және әскери техника үлгілерімен танысты.

Елназ Төкен, оқушы:

- Бұл лагерьде менде естен кетпес сәттер көп болды. Яғни, біз көлдің жағасында бояу шашып ойнағанымыз, визиткада дайындалып, вожатыйлармен бірге дайындалғанымыз ешқашан есімнен кетпес. Мені осы лагерьге жіберіп отырған әскери бөлімге алғысым өте шексіз. Яғни, мен сіздерге рақмет айтқым келеді.