Елордада Шекарашылар күні тойланды
18 тамыз – Шекарашылар күні.
Елімізде 30 мыңнан астам шекарашы бар. Олардың 12 мыңнан астамы күн сайын жауынгерлік кезекшілікке шығады. Жалпы ұзындығы 15 мың шақырымнан асатын аумақты күзетеді. Кәсіби мереке қарсаңында елордадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында шекарашыларға арналған арнайы көрме үйымдастырылды. Мұнда құнды жәдігерлер мен қарт жауынгерлердің фотосуреттері, олардың тарихи құжаттары қойылған.
Алмагүл Байдәулетова, әскери-тарихи музейінің экскурсия жүргізушісі:
- Бұл көрмеде 100 деген жәдігерлер қойылған. Маңызды жәдігерлерге келетін бослақ, бұл жерде шекара әскерлерінің 1992 жылғы Президент жарлығының көшірмесі қойылған. Генерал мойер Болат Закиевтің, Тоқтасын Бұзбаевтың фотосуреттері қойылған.
Төлеужан Жүнісов, ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары:
- Бізде шекарашылардан күніге 12 мың адам шекараға шығады. Әр заставада 19 рет наряд болады. 40 адамнан күні-түні нарядқа түсеміз. 4 сағат барасың, 6 сағат демаламыз. Қайтадан шығамыз. Күніге нарядқа шығамыз солай.