Министр Шымкент қаласындағы байланыс сапасын тексерді

Тексеру барысында Шымкентте ұялы байланыспен қамтылмаған 39 аумақ анықталды.

Цифрлық даму министрі екі айдың ішінде оларды жою жоспарын әзірлеуді тапсырды. Байланыс сапасын тексеру мақсатында өңірге барған Жасұлан Мәдиев операторлардың назарын ұялы байланыс жеткіліксіз аймақтарға аударды. Ол "басты мақсат жазалау емес, азаматтардың байланыс сапасын арттыру" екенін атап өтті. Сондай-ақ сапар барысында министр аймақтағы цифрлық технологияларды дамытуға ықпал ететін негізгі нысандар мен жобалардың қызметімен танысты.