Олимпиада жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды

Алматы облысының меценаттары Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен қатысушыларына бағалы сыйлықтар табыс етті. 

Халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқан күміс жүлдегер Демеу Жадыраевқа үш бөлмелі пәтер мен 10 миллион теңгенің сертификаты берілді. Ал бокстан қола жүлдегер атанған Назым Қызайбай облыс басшысының қолынан 3 бөлмелі пәтер кілті мен 2 миллион теңгенің сертификатын алды. Спортшылардың бапкерлері де марапатсыз қалмады. Жұмақан Тұрғанбеков пен Боранбек Қоңыратовқа өңір кәсіпкерлері атынан  2 миллион теңгенің сертификаты мен екі бөлмелі пәтердің кілті берілді. Стенд ату спортынан байрақты бәсекелерде еліміздің намысын қорғап жүрген Эдуард Ещенко, Әсем Өренбай, Мария Дмитриенко, Никита Чирюкин сияқты өрендерімізге де 2 миллион теңгеден ынталандыру сыйақысы табыс етілді. 

Демеу Жадыраев, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері:

- Осындай керемет сый-сыяпат жасап жатыр. Көптен көп рақмет! Халыққа Олимпиада жүлдегерлеріне қолдау білдіргеніне алғысымды білдіремін. Керемет қолдау, бәрін сезіндім, бәрін көрдім. Осы жүлделерімен құттықтаймын жерлестерімнің барлығын. Жалпы Алматы облысына көп рақмет! 

Назым Қызайбай, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері:

- Қаншама жыл еңбектендім. Бұған дейін де көп жетістіктерге жеттім, бірақ Олимпиада медалі ол бөлек. Сондықтан өте қуаныштымын. Міне елге оралып, осы Алматы облысы бізді шақырып, халық жиналып құттықтап отыр. Өте қуанышты сезімдемін. Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Барша қолдаған өзіміздің бауырларға, туған-туыстарға өзімнің алғысымды білдіремін.