Байқоңырдан ғарышқа жүк жеткізілді

«Прогресс МС-28» жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына сәтті қонды.

Ол Байқоңыр ғарыш айлағынан 15 тамызда ұшырылған еді. Жүк кемесі орбитаға азық-түлік, ауыз су, жанармай және эксперименттік жабдықтар тиелген екі жарым тонна жүк жеткізді. Олардың ішінде "аспан мониторы", яғни рентгендік спектрометр бар. Ол станцияның бетіне орнатылады. Бұл ғарыш кеңістігіне толық шолу жасауға мүмкіндік береді.