Ақтаудағы энергокомбинатқа резервтен бес миллиард теңге бөлінді
Ақтаудағы «Маэк» энергетикалық комбинатына Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді.
Тиісті қаулыға премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды. Маңғыстау облысының бюджеті арқылы кәсіпорынды субсидиялау көзделіп отыр. Бұл қаржы, нақты айтсақ, энергокомбинаттың жылыту маусымына дайын болуына және инфрақұрылымының ақаусыз жұмыс істеуіне жұмсалады. Жалпы, кәсіпорынды жаңғырту жұмыстары былтырдан бері кезең-кезеңімен жалғасып келеді. Қазір қазандықтарды, резервтік қорғау және автоматиканы, сондай-ақ электр энергиясын басқару-есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін ауыстыру мақсатында бірнеше жоба жүзеге асып жатыр.