Егін ору науқаны қашан басталады?

Қазақстанда жаппай егін жинау жұмыстары тамыздың үшінші онкүндігінде басталады.

Қазір ауыл шаруашылығы техникаларының 98 пайызы дайын. Науқанға 150 мыңға жуық трактор, 38 мың комбайн және 14 мың дестелегіш тартылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Үкімет биыл егін егу мен жинау жұмыстарын жүргізуге 580 млрд теңге бөлді. Бұл рекордтық көрсеткіш. Шаруаларға күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 64 мың тоннадан астам жеңілдетілген дизель отыны жөнелтілді. Республикада астық сақтауға арналған қоймалардың сыйымдылығы 30 млн тонна болды. Бұл болжанған егін көлемін сақтауға жеткілікті. Айта кетейік, елдегі ауыл шаруашылығы дақылдары алқабының көлемі 23 млн гектардан асады. Оның ішінде 17 млн гектарға жуығына дәнді дақылдар егілген.

Егін жинау науқаны 

149 000 трактор

38 000 комбайн

14 000 дестелегіш 

Жұмсалған қаражат - ₸580 млрд

Дизель отыны - 64 000 т

Астық қоймаларының сыйымдылығы - 30 млн т 

Ауыл шаруашылығы дақылдары - 23,3 млн га

Дәнді дақылдар - 16,7 млн га