Жаңақорған ауданында су тапшылығы болмайды

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы “Келінтөбе” магистралды су арнасы 6 шықырымға ұзарады.

Суармалы су тапшылығының алдын алу мақсатында қолға алынған жоба құрылысының 90 пайызы атқарылды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен жарты миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Аталған гидронысан арқылы Сырдариядан бөлінетін су көлемі 20 пайызға дейін артады. Өзен деңгейі төмен болған кезде де күріш алқаптарын тіршілік нәрімен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінде Жаңақорған ауданындағы жалпы егіс көлемінің төрттен біріне аймақтың басты дақылы - күріш егілген. “Су арнасы іске қосылса бұл көлемді мың жарым гектарға дейін арттыруға болады, дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев. 

Талғат Зейдалиев, Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- 6 шақырым қосымша каналымыз пайдалануға берілген уақытта 30 мың гектар инженерлік тегістелген жерлерге қосымша 10-15 куб су берілетін болады. Бұл яғни су тапшылығы кездерінде вегетациялық кезеңнің соңғы уақыттарында кезектесіп суару тәсіліне көп септігін тигізеді деген сөз.