Мектептегі қауіпсіздік шаралары. LIVE
Сабақ басталысымен жүріс-тұрыс көбейеді. Соған орай қауіп те көп, деп хабарлайды 24kz.
Біраз бұрын Петропавл қаласында болған жағдай елді дүр сілкіндіргені есте. Күйзеліс диагнозымен психиатриялық есепте тұрған 15 жастағы оқушы бетперде киіп алып, мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш қатарласын жарақаттағаны белгілі. Осыдан кейін Үкімет мектептерде бақылауды күшейтіп, бейнекамераны көбейтуді тапсырған еді. Енді осы мектептегі қауіпсіздік жайын ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Алмас Талқанбаев мырзадан білмекпіз.
- Мектептегі қауіпсіздік мәселесі басты назарда екені анық. Жалпы осы мектеп мәселесіне орай қандай шаралар атқарылып жатыр?
- Қазір жекеменшік мектептер көп. Олардағы қауіпсіздік мәселесі қалай шешілген. Сіздер өз тараптарыңыздан қандай да бір шаралар өткізесіздер ме? Бәлкім қауіпсіздік жағдайын тексересіздер?
- Ойын баласы әр нәрсеге ұрынып жүретіні бар. Тентектер де бар. Мектепке бомба қойылды деп шулататын оқиғалар көп. Мұның алдын алуға болмай ма? Осындай жайттар кейінгі жылдары тіптен көбейген секілді. Бұған не дейсіз?
- Қаладағы мектептерде бейнебақылау камералары орнатылған. Ал ауылдарда қалай?