Елдегі оқушылар сабақта телефон ұстамайды. LIVE
Оқушыға телефон ұстауға бола ма, болмай ма? Бұл мәселені біздің елде біраз талқылап, Президентке дейін жеткені белігілі.
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақта ұялы телефонды пайдалануды шектейтін заңға қол қойған еді. Бұл заңның шыққанына қуанғандардың бірі – жаңаарқалық ұстаз Нұргүл Нагайқызы. Өйткені қазақ тілі мен әдебіиеті пәнінің мұғалімі оған дейін де сабаққа кірген оқушылардың телефонын жинап алып, өзі арнайы жасатқан сөреге салып қоятын. Сөйтіп сабақ берген соң қайтарып береді. Қазір біз сол ұстаз Нұргүл Нагайқызымен тікелей байланысқа шығып тұрмыз.
- Оқушылардың телефонын салып қоятын сөрені қашаннан бері пайдаланып жүрсіз? Бұған әу баста оқушылар, ата-аналар қарсы болған жоқ па?
- Сөрені өзіңіз тапсырыс беріп, жасаттыңыз ба?
- Енді қазіргі заңға сай, оқушы сабаққа келгенде телефонын сөреге қояды. Алаңсыз сабағын оқиды. Ал үзіліс кезінде пайдалана ала ма телефонды? Әлде үйіне қайтқанда бірақ қайтарып бересіздер ме?
- Мектептеріңізде оқушыларыңыздың қауіпсіздігі қаншалықты қорғалған? Турникет, бейнекамералар жұмыс істеп тұрған болар?
Zoom арқылы байланысқа шыққан – Нұргүл Нагайқызы, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің мұғалімі.