Қарағандыда кешіккен рейс үшін ₸533 мың өтемақы төленді

Қарағандыда уақытынан 29 сағатқа кешігіп ұшқан әуекомпаниясынан 533 мың теңге өтемақы өндірілді, деп хабарлайды 24KZ.

Оған зардап шеккендердің ұжымдық арызы түрткі болып отыр. Белгіленген сағатта ұшақ көкке көтерілмей, жолаушыларға қолайсыздық тудырған. Алайда олар мәселені заң аясында шешуге бекініпті. Нәтижесінде кешіккен рейс үшін текке төленген қаржы иелеріне қайтарылды. Қарапайым тұрғындардың құқығының тапталу жағдайы бұл ғана емес. Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті өткен айдың өзінде талап-арыз негізінде 67 млн теңгені иелеріне қайтарған.