«Air Astana» компаниясының ұшағынан шыққан ақаудың себебі анықталып жатыр
«Air Astana» әуе компаниясына тиесілі Airbus A321 ұшағынан шыққан техникалық ақаудың себебі әлі анықталып жатыр.
Тамыздың 16-сында жолаушы таситын әуе кемесі Ақтөбедегі «Әлия Молдағұлова» халықаралық әуежайынан Алматыға ұшуға тиіс еді. Алайда әуежай қызметкері оның ұшуға жарамсыз екендігін байқаған. Яғни, шассидің тұмсық тірегіндегі бекітпенің зақымданғаны анықталды. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр. Әуе кемесі сапарға шықпайтын болған соң жолаушыларға билет құны қайтарылған. Жалпы еліміздің батыс өңіріндегі «Әлия Молдағұлова» халықаралық әуежайы күніне 15 ұшаққа дейін қабылдайды. Тәулігіне шамамен 3 мың жолаушы өтеді.
Әлихан Камаладдин, "Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметінің маманы:
- Ұшуға дайындық кезінде оның шассиінің алдыңғы тұсында бекіткіш болтының сынғаны анықталған болатын. Және бұл бірден ұшақтың командиріне хабарланды. Сонымен қатар ұшақтың командирі бұл рейсті тоқтатуға мәжбүр болды. Ақтөбе әуежайы тарапынан жолаушылардың сұратылған көмегі көрсетілді.