Арыстанбек Мұхамедиұлының апелляциялық шағымы мақұлданбады
Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды.
Астана қалалық соты 11 жылға сотталған экс шенеуніктің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Еске салсақ, бұрынғы министр бұған дейін рейдерлікпен айналысып, бюджет қаражатын жымқырды, сондай-ақ пара берді деген айыппен сотталған еді. Оның бірнеше сыбайласы бас бостандығынан айырылды. Алайда тағылған айыппен әлі күнге дейін келіспеген экс-министр, апелляциялық шағым жолдады. Бірақ Сот алқасы дәлелдерді зерделей отырып, үкімнің өз күшінде қалатынын мәлім етті.