Үржар ауданында қос пәтерлі 41 үйдің құрылысы жүріп жатыр
Абай облысының Үржар ауданында 1341 адам баспана кезегінде тұр, деп хабарлайды 24kz.
Қазір мұнда қос пәтерлі 41 үй салынып жатыр. Жаңа баспаналар 2025 жылға дейін халық игілігіне беріледі. Дені ипотекалық бағдарлама қатысушылары мен кезекте тұрғандарға үлестіріледі. Оның басым бөлігі – көпбалалы отбасы мүшелері. Мамандардың айтуынша, тұрғындар баспана кезегін кем дегенде екі жыл күтеді. Жалпы қазір Абай облысында 581 үй салынып жатыр.
Айдын Қожаев, Таскескен ауылының әкімі:
- Таскескен ауылы әлеуметтік жағынан соңғы үш жылда қарқынды дамуда. Олай дейтініміз, «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы арқылы тұрғын үйлер салына бастаған. Биыл да мемлекеттік бағдараламалар арқасында жалғасын табуда. Енді заңнамаға сәйкес кезекте тұрған азаматтарға берілетін болады.
Қабылхақ Жексенбаев, мердігер ұйым өкілі:
- Қыркүйек айында аяқтаймыз. Ішкі жұмыстарын бастап жатырмыз, одан кейін бұйрса, міне, электромонтаж жасалады. Одан кейін ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіледі.