Биыл елімізде 27 жатақхана пайдалануға беріледі
Биыл елде мемлекеттік жекеменшік серіктестік негізінде 27 жатақхана бой көтереді, деп хабарлайды 24kz.
Қазіргі таңда 17-сінің құрылысы аяқталып, студенттерді қабылдауға дайын тұр. Бұл шамамен 4650 баланы қамтиды. Дені Алматы қаласында. Түркістан, Астана мен Шымкентте үш жатақхана салынған. Қалған өңірлерде бір-бірден су жаңа ғимарат пайдалануға беріледі. Оқу орындарындағы жатын орын тапшылығы мәселесін Үкімет 2018 жылдан бері осы тәсілмен шешуді қолға алды. Оған сәйкес жыл сайын студенттер үшін 10 мыңнан аса тұрақжай әзірлеу көзделген.
Ақерке Абылайхан, ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары:
- Үлкен сұраныс университеттің жанындағы жатақханаларда. Жатақханадағы орынды бөлу ережесі бар, ол министрдің бұйрығымен 2022 жылы бекітілген. Жатақханадағы орындарды бөлуде бірінші кезекте жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бірінші кезекте орын беріледі. Сонымен қатар I, II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, ауыл квотасы шеңберінде грант алған азаматтарға, қандастарға. Ақ қамтылған отбасында шыққан азаматтарға жатақханадан орын беруде басымдық беріледі.