Абай облысында дизель ұрлағандар сотталды
Абай облысында локомотив депосының бастығы мен машинист дауылды желеу етіп, 3 мың тоннадан астам дизель ұрлаған.
Қылмысты қаржылық мониторинг агенттігі әшкелереді. Сотталғандар баяндамаларына жалған екпінді желді тіркеп, 920 млн теңгенің жанармайын заңсыз иемденген. Жымысқы әрекет 2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында болды. Тағылған кінә сотта дәлелденіп, депо басшысы 8 жылға, машинист 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген залал сотталғандардан өндіріледі.