Қазақстанда 150 мың адам өзін құмар ойындардан шектеді
Елде 150 мыңнан астам адам өзін құмар ойындардан шектеді, деп хабарлайды 24KZ.
Олардың 3200-і өзін-өзі тыю үшін жазбаша түрде, ал 149 мыңы онлайн түрде өтінім берген. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Қазір «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы лудоманиядан шектелу үшін анонимді түрде өтініш беруге болады. Кейін сервис азаматтың өтінішті қайтарып алу құқығынсыз 6 айдан 1 жылға дейін құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан шектелген адамдардың тізіміне енгізеді. Сол арқылы тұлғаларға лицензияланған ойын мекемелері мен букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге тосқауыл қояды.