Алаяқтар Антикордың атынан жалған ақпарат таратып жүр
Алаяқтардан айла артылар емес.
Олар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан әлеуметтік желілерде жалған аккаунт ашып, WhatsApp желісінде өтірік ақпарат таратып жүр. Алаяқтар Антикордың символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлын жібереді екен. Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көз жетпеген ақпаратқа сенбеуді, күмәнді сілтемеге өтпеуді және қолма-қол ақша аудармауды сұрайды. Егер осындай жағдай болса, бірден құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.