ШҚО-да орман шаруашылықтарын техникамен қамту мәселесі шешіледі
Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылықтарындағы техника тапшылығына қатысты мәселе келер жылы шешіледі, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір өңірдегі 13 орманшылықта 33 өрт сөндіру көлігі бар. Дегенмен бұл жеткіліксіз. Тілсіз жауға төтеп беру үшін әлі кемі 6 техника қажет. Ал 1 қаңтардан бастап жаңа нормаға сәйкес көлік сұранысы тағы екі есеге артады. Сондықтан жергілікті билік өкілдері жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша 4 миллиард теңгеге қажетті өрт сөндіру машиналарын сатып алуға ниетті. Семей резерватындағы ауқымды өрттен кейін аймақтағы орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасы барынша нығайтылды. Қызметкерлердің жалақысы да көтеріледі. «Мәселен, шілде айынан бастап өрт сөндіру станциялары мамандарының еңбек ақысы екі есеге өсті», – дейді табиғи ресурстар басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов.
Мұрат Кұсайынов, ШҚО табиғи ресурстар басқармасының басшысы:
- 1 шілдеден бастап жүргізушілер, слесарьлар мен трактор жүргізушілерінің жалақылары 100%-ке көтерілді. Қазір олар орманшылардың деңгейінде алады. Қызметкерлердің қауіпсіздігіне де баса көңіл бөлінді.