Әлем назары атом энергетикасына ауып тұр
Қазақстандағы жылу энергетикасының дәуірі аяқталуға жақын.
Осылайша біздің энергетикалық жүйеміз жаңа, ірі өндірістік қуат көзін енгізуді қажет етеді. Сондай-ақ жаңғыртудың да уақыты келді. Бұл мәселені кешенді түрде шешу қажет дейді энергетиктер. Жаңа энергия көзін пайдалану бүкіл әлемдік тенденцияға да айналып бара жатыр.
Әлем назары атом энергетикасында. Ашық деректерге сәйкес 32 елде 415 атом электр станциясы жұмыс істейді. Олардың жалпы қуаты 375 гигаватт. Бұл барлық өндірілетін қуат күшінің 10 пайызы. Сонымен қатар 60-қа жуық атом энергоблоктары салынып жатыр. Сондықтан АЭС салу бастамасы нағыз уақытында жасалған ұсыныс дейді Қазақстанның ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков.
Ерлан Батырбеков, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры:
- Атом электр станциясының құрылысы Қазақстан үшін қажет. Дұрыс шешім екінін атап өткім келеді. Біріншіден, атом электр станциялары бүгінде мемлекеттің энергияға деген қажеттілігін қамтамасыз ете алатын тұрақты, жоғары технологиялық, экологиялық таза қуат көздері. Бұл энергия кез-келген экономикалық даму үшін өте қажет. Бізде электр энергиясының тапшылығы бар. Бүгінде энергияның негізгі көзі - жылу электр станциялары. Олар Кеңес Одағы кезінде салынған және ескірген. Яғни Қазақстанның жылу энергетикасы дәуірі, бүкіл әлемдегідей аяқталуға шақ қалды деуге болады. Біздің энергетикалық жүйеміз жаңа, ірі жобаларға мұқтаж.
Мұндай жобаларды іске асыруда қауіпіздік бірінші орында. Атом энергетикасында жыл өткен сайын технология дамыды. Енді үшінші буындағы реакторлар қолданысқа енді. Қондырғылардың басты көрсеткіші – ішкі қауіпсіздік. Олар бірнеше деңгейлі қорғаныс жүйесімен қамтылған. Қазақстанда да соңғы үлгідегі технологиялық реакторларды пайдалану ұсынылып отыр.
Асуан Сиябеков, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС атом энергетикасы бөлімінің жетекші инженері:
- Ол дегеніміз қысымдағы су реакторлары. Әлемде 400-ден астам реакторлық технологиялар бар. Оның 200-ден астамы, жартысынан көбісі қысымдағы су реакторларына жатады. Бұған дейін бұл реакторларда апаттық жағдай орын алмаған. Сол себепті Қазақстанға осындай реакторды ұсынып отырмыз. Қазақстанда қаралып жатқан реакторлық технологиялар ол ІІІ, ІІІ+ буынынды. Олар Үлкен буынды реакторлар. Олардың дифференттілігі бар. Яғни басқа елдерде де тәжірибеден өтіп кеткен. Жұмыс істеп тұр.
2050 жылы атом энергиясын өндіру үлесі 14% - ға жетеді. Мамандардың айтуынша, бұл экологияға жақсы әсер етеді. Осындай станциялар өндіретін қуаттың бір гигаваты шамамен алты миллион тонна көмір, екі тоннадан астам мазут, 3 миллиард текше метрге жуық газды үнемдеуге мүмкіндік береді. Яғги жылына 800 мың тоннадан астам зиянды газдардың бөлінуіне тосқауыл болады.
Ғазиза Мұхамеджанова, Ақылбек Есімсейітов