Ел тұрғындарының біршамасы АЭС салу идеясын қолдайды
Ел тұрғындарының біршамасы Атом электр станциясын салу идеясын қолдайды.
Мұны Қазақстанның стартегиялық зерттеулер институты жасаған әлеуметтік сауалнама нәтижесі көрсетті. Сұрақ-жауаптың іріктемелі жиынтық көлемі 1200 респондентті құрады. Оған Қазақстанның 17 облысы мен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 18 жастан асқан азаматтар қатысты. Зерттеулерге сәйкес, тұрғындардың 53 пайызы АЭС құрылысын қолдаса, 32 пайызы ықтимал апаттар мен экологияға алаңдайды екен. Ал респонденттердің 14 проценті өз таңдауын әлі жасаған жоқ. Сондай-ақ референдум болса, қазақстандықтардың 42 пайызы «оған қатысамын» деген жауапты таңдаған. 16 пайызы – қатысу мүмкіндігіне ие. Біршамасы референдумға қатыспауды жоспарлаған. Респонденттердің 6 пайызы «жауап беруге қиналамын» деген нұсқаны таңдапты. Ал шамамен 9 проценті «қатыспаймын» деген.
Қазақстан картасы
1200 респондент – 18 жастан асқан
53,1% респондент – АЭС салу идеясын қолдайды
32,5% респондент – ықтимал апаттар мен экологияға алаңдайды
14,4% респондент – таңдауын жасаған жоқ
42,6% респондент – АЭС салу мәселесі бойынша референдумға қатысады
16,4% респондент – референдумға қатысу мүмкіндігіне ие
25,3% респондент – референдумға қатыспауды жоспарлайды
8,9% респондент - қатыспайды
6,8% респондент – жауап беруге қиналады