Антикор «Astana LRT»-ның бұрынғы басқарма төрағасын жауап алу үшін шақырды 

Антикор «Astana LRT» -ның бұрынғы басқарма төрағасынан жауап алмақ. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Алайда күдікті Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына байланысты агенттік шақыру туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады. 

Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Жауап алу және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау үшін Т. Ардан 2024 жылы 23 тамызда сағат 09:00-де Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы, 19 «Б» блогы мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж. Өтепқалиевке келу қажет. Күдікті тергеу әрекеттеріне қатысу үшін қорғаушыны дербес шақыруға не қылмыстық процесті жүргізуші органның қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беруге құқылы.