Зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек беру бағдарламасы әзірленді

Оқу-ағарту министрлігі зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына пәрменді көмек бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды 24kz.

Оған балаларға көмек көрсету алгоритмі, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қажеттіліктерін бағалау негізінде көзделген медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық көмек кіреді. Мәселен, психологиялық көмек көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Естеріңізде болса, бұл тапсырманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауында қойған еді.