Елімізде маскалық режим енгізілмейді

Әлеуметтік желіде 15 қыркүйектен бастап маскалық режимге қайта ораламыз деген әңгіме желдей есіп жүр, деп хабарлайды 24kz.

Тіпті кей мессенджерде балалар да қашықтан оқуға жіберілуі мүмкін деген қауесеттер көбейді. Алайда бұл ақпаратты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды. Ешқандай шектеу шаралары жоспарда жоқ. Тек жыл сайынғы профилактика өткізіледі. Яғни 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Бетперде режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі.