Атом энергиясының дамуы Қазақстанға қандай пайда әкелмек?

Осыдан 11 жыл бұрын НАСА ғалымдары АЭС-тің салынуы қоршаған ортаға қалай әсер ететінін анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізген еді.

Анықталғандай, 1971 жылдан 2009 жылға дейін атом реакторлары 64 гигатонна көмірқышқыл газының ауаға таралуына жол бермепті. Нәтижесінде 2 млн-ға жуық адамның өмірі мен денсаулығы сақталған. Бұл қорытынды кезінде ACS Publications сайтында жарияланыпты. Осы орайда атом энергиясының дамуы Қазақстанға қандай пайда әкелмек деген сұрақ туады. Қазір бізбен Жетісу облысынан тікелей байланысқа Парламент Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек Zoom арқылы қосылуға әзір.

  1. Атом энергиясының дамуы елімізге экологиялық және экономикалық тұрғыда қалай әсер етпек?
  2. Атом энергиясы дамыған алпауыт елдердегі қазіргі жағдай қандай? Артықшылығы мен кемшілігін таразылап берсеңіз. Атом энергиясы дамушы қай елдерді мысалға алуға болады?
  3. Атомдық электр станциясының жұмысын жүргізу, оны мұқият бақылау мен қадағалау және қосалқы бөлшектерді уақытылы алмастырып отыру сияқты жұмыстардың қашан да күрделі екені белгілі. Осы тұста мамандар тапшылығы немесе өзге елдерден кадрларды тарту, оларға деген тәуелділік сынды мәселелер туындамай ма?

Спикер: Болат Керімбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.