О. Бектенов Ұлытау облысындағы жылыту маусымына дайындық қарқынын тексерді
Үкімет басшысы Сәтбаев қаласының 70 мыңға жуық тұрғыны үшін жылу және ыстық су көзі саналатын №1 және №2 жылу стансыларын аралады, деп хабарлайды 24KZ.
Премьер-министрге қазіргі уақытта №1 жылу стансысында күрделі жөндеу және 4 қазандық пен газ құбырларына ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатқаны баяндалды. Жезқазған жылу электр орталығында да жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олжас Бектенов өңір басшылығына, сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясына жұмыс қарқынын арттыруды және алдағы қысқы маусымды жедел әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Әшім Исанов, «Kazakhmys Distribution» ЖШС техникалық директоры:
- Жылу стансысының қуаттылығы – 225 Гкал/ сағ. Қаланың тұтынатын энергиясы – 240 Гкал/сағ. №2 жылу стансысынан бізде «перемычка» бар. 15-20 Гкал сол жақтан аламыз. Жөндеу жұмысына 1 млрд 300 млн теңге бөлінген. Оның ішінде 550 млн теңге, акционерлік ақша бөлек бөлінген. Жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін жоспарланған. Бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр.