Шығыс Қазақстанда туристік бағыттарда көлік қатынасы артты

Еліміздің шығысындағы туристік бағыттарда көлік нөпірі артты, деп хабарлайды 24KZ.

Сондықтан Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс орындарына кіреберіс жолдарда полицейлер рейд жүргізіп жатыр. Мысалы, Бұқтырма су қоймасына апаратын «Өскемен – Алтай» күрежолымен демалыс күндері 20 мыңнан астам автокөлік жүреді. Осыған байланысты полицейлер жол қауіпсіздігін дрон арқылы да бақылауға кірісті. 3 күн ішінде тәртіп сақшылары 2 мыңнан астам заң бұзу дерегін тіркеді. 26 мас жүргізуші ұсталды. «Бұл шара демалыс маусымының соңына дейін жалғасады», – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Ларионов.

Андрей Ларионов, ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Туристер көп келеді. Осындай кезеңде жол-көлік оқиғаларының қаупі артады. Сондықтан қазір жол бойындағы тәртіпті 5 экипаж бақылауға алды.  Олар тәулік бойы жұмыс істейді. Оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында барлық шара қолға алынды.