Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» акциясынан шет қалмады

Елордада өткен қайырымдылық шарада 200-ден астам балаға оқу құралдары мен сөмке табыс етілді, деп хабарлайды 24KZ.

Негізгі мақсат – жаңа оқу жылына дайындық аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету. Игі іске 4 млн теңге қаржы жұмсалды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар балалардың назарына ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Жыл басынан бері Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері 49,5 млн теңгенің қайырымдылық және гуманитарлық көмегін көрсетті.

Әміржан Әлпейісов, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Мақсатымыз – мектепке баратын балаға қаламсап, болмаса дәптер, фломастер беріп қана қою емес, сонымен бірге оларға көңіл бөлу. Достықты, қайырымдылық сезімді бөліп, оларды ойлайтын мемлекет бар, осындай қоғамдық ұйым бар екенін көрсеткіміз келеді. Мемлекетіміздің болашағы солар екенін. Олардың ескерусіз қалмайтынын. Оларды бірлікке, сенімге, Отанға, елге деген өздерінің сезімін дамытуға бағытталған іс-шара.