Алматыда коммуналдық тариф бағасы өседі
Алматыда 1 қыркүйектан бастап коммуналдық қызмет ақысы қымбаттайды.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева хабарлады. Оның айтуынша, бағаның өсуі «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Енді тұтынушылар суға сараланған тариф бойынша төлейді. Неғұрлым көп қолдансаң, соғұрлым қымбат төлейсің. Жылу тарифі де осындай. 100-ден 200 шаршы метрге дейін пәтері барлар орташа тариф, ал баспана көлемі 200 шаршы метрден асып кетсе, басқаларға қарағанда артық төлеуге тура келеді. Тарифтердің өсуі тозығы жеткен желілерді жаңартуға мүмкіндік береді,-дейді мамандар.
Әсел Бөденеева, ҚР ҰЭМ ТМРК Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы:
- Ол өзгертулер балансқа желілердің қабылдауымен байланысты және инвестициялық бағдарламаның өзгерісіне байланысты және 2023 жылғы статистика бойынша жалақының өзгеруі бойынша өзгерістер көзделген. Суық судың бағасы бірінші қыркүйектен халыққа 66 теңге құрайды. Ол 22 пайызға өзгертілген. Жылумен жабдықтауды атап өтсек, халықтың тарифі 7 мың 654 теңге. Ол 6 пайызға өзгертілген 458 теңгеге өскен.