Астана ауруханасында жатқан жапондықтың жағдайы жақсарды. LIVE

Бұдан 9 күн бұрын Токиодан Цюрихқа бет алған жолаушылар ұшағы Астана әуежайына шұғыл қонған еді, деп хабарлайды 24kz.

Экипаж жапондық жолаушынының бірі инсульт алғандықтан осындай шешім қабылдаған. Ұшақ тіпті жедел қонғандықтан, қону алаңынан шығып та кеткен еді. Осыған байланысты Астана әуежайында барлық рейстің ұшып-қонуы екі сағатқа шегерілген болатын. Ал инсульт алған жапондық жолаушы №2 қалалық көпбейінді ауруханаға жансақтау бөліміне жеткізілген. Денсаулық сақтау басқармасы жағдайы ауыр деп бағаланған жапондықтың қазіргі халі қалай? Оны Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Ақайдан білсек.

  1. Айжан ханым, сапары кезінде жүрегі қысылған Жапония азамат туралы қысқаша ақпар бере кетіңізші? Қазіргі жағдайы қалай?
  2. Науқасты тек өзіміздің дәрігерлер қарады ма? Әлде сырттан дәрігерлер келді ме?

Спикер: Айжан Ақай, Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.