Жамбылдық прокурорлар 19 мыңнан астам тұтынушының құқығын қорғады
Жамбыл облысының прокурорлары жыл басынан 19 мыңнан астам тұтынушының құқығын қорғады, деп хабарлайды 24kz.
Мәселен, Талас ауданының прокуратурасы жергілікті әкімдікке тиесілі көпсалалы коммуналдық кәсіпорында аудан тұрғындарының коммуналдық қызметпен қаншалықты сапалы қамтылып жатқанын тексеріп, талдау жүргізді. Нәтижесінде 19393 тұтынушының құқығы шектеліп жатқаны анықталды.
Атап айтсақ, тұтынушылармен шарттар жасасу кезінде типтік міндеттемелерді мәтіннен алып тастаған. Шарттың екінші бөлігінде кәсіпорынның тәулік бойы жұмыс кестесі үлгілік құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні әшкереленді. Тағы тұтынушылардың сапа, денсаулық және мүлік қауіпсіздігін реттейтін құқық нормалары белгіленбеген.