Егістік пен жиын-терім кезеңіне Үкіметтен ₸580 млрд бөлінді

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына Үкіметтен 580 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды 24kz.

Ол үшін бірнеше арна пайдаланылған. Олардың ішінде аграрлық несие корпорациясы, екінші деңгейлік банктер, кредиттік серіктестіктер, инвестициялық орталықтар мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары бар. Саланы субсидиялау 5%-тік мөлшерлемемен беріледі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 580-нің 100 миллиард теңгесі, жеңілдетілген лизингке бағытталған. Алдағы уақытта оның көлемін 400 миллиардқа жеткізу жоспарланып отыр. Осылайша ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін, 8-10%-ке жеткізу көзделіп отыр.