«Жас сарбаз» ұжымының бишілері Ұлттық дельфий ойындарында топ жарды
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының бишілері Ұлттық дельфий ойындарында топ жарды, деп хабарлайды 24kz.
Шығармашылық ұжым Көкшетауда өткен байқауда «Халық биі» номинациясы бойынша үздік өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Жарысқа 600-ден астам биші қатысқан. Соның арасынан қазылар алқасына 20 хореографиялық ұжымның композициялары ұсынылды. Нәтижесінде 8 бен 10 жасқа дейінгі санатта «Жас сарбаз» балалар студиясының би тобы үздік атанды. Жеңімпаздарды ата-аналар мен Қарулы күштердің өкілдері салтанатты түрде құшақ жайып, күтіп алды.
Ержан Құдайбергенов, қоюшы-хореограф:
- Енді алдағы уақытта осы жолдамамен біздің Қырғызстан мемлекеті күтіп отыр. Сол жерде біз өз өнерімізді көрсетеміз. «Жас сарбаз» балалар би студиясы өзіміз 3 би апардық. 2 қазақша би және 1 ұйғыр биін апардық.