Павлодарлық тұтынушылардың құқығы қорғалды
Павлодар тұрғыны өзіне сапасыз қызмет көрсеткен косметологты сотта жеңіп, 400 мың теңгесін қайтарып алды, деп хабарлайды 24KZ.
Қала тұрғыны әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп, косметологтың тиісті біліктілігі жоқ екенін білмей, ерінді ылғалдандыру процедурасынан өткен. Нәтижесінде бірнеше апта ем алуға тура келген. Облыстық Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне түсірген шағымынан кейін ғана, косметолог маман өзінің заңсыз қызмет көрсеткенін мойындап, сот шешімімен тұтынушыға процедураның толық құнын өтеді. Департамент мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері тұтынушыларға 2 миллион теңге қайтарылған.